ӨзА Қазақ

21.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент метросында тағы екі станция жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады

Ташкент метросында тағы екі станция жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады

Ташкент метрополитенінің Юнусабад бағытында жабық түрде құрылып жатқан станциялар арасындағы туннельдің бірінші бағытында қашықтығы 1500 метрлік бұрғылау жұмыстары аяқталды.

Германиядан арнайы алынған «Herrenknecht» туннель бұрғылау техникасының арқасында 938 комплектті темір-бетон қабырғысы орнатылып, Юнусабад бағытының «Шахристан» станциясы мен жалғайтын арнайы бөліміне жетті.

Қазіргі таңда Ташкент метросының Юнусабад бағытындағы құрылыстың екінші кезеңі жалғасуда. Жаңа жолдың жалпы ұзындығы 2,93 шақырымды құрайды. Бүгінгі күні метрополитеннің туннель құрылыс-монтаж жұмыстары ашық және жабық түрде жалғасуда. 

Жоба 2019 жылдың соңына қарай аяқталуы жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Юнусабад метро бағытына және екі станция қосылады. Олар «Юнусабад» және «Түркістан» станциялары, болып, олардың екеуі де шығыс сәулет өнерінің дәстүрлеріне негізделген түрде жасалмақ.

Өзбекстан темір жолдары АҚ ақпараттық қызметі хабары.

9 350
ӨзА