ӨзА Қазақ

07.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент метросында карталық төлем жүйесі сынақтан өтуде

Ташкент метросында карталық төлем жүйесі сынақтан өтуде

Бүгін 7-ші тамыз күні Ташкент метрополитенінде жол ақысын карталық төлем тізімінде төлеу сынақ түрінде өз жұмысын бастады.

Метрода жол ақысын нақты ақшалай емес карталық тізімде төлеу үшін арнайы HUMO карталары арқылы аппараттың «HUMO картасымен төлеңіз»,-деген магнитті сканеріне жақындатасыз. Сонан соң жолды бөгеп тұрған жапқыш ашылып жолыңызды жалғастыра бересіз.

Бұл тәжірибелік кезең тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады. Байланыссыз төлем тізімі халқаралық төлем жүйесін пайдаланушы карта иелеріне де қолайлы деп санайды БМПМ директоры Шухратбек Қурбонов.

Егер осы жүйе іске түсер болса, әрбір жолаушы жетон алуға кеткен артықша уақытын (орташа 8 минут) үнемдейтін болады. Қазірде бұл жүйеде жұмыс жасайтын аппарат тек «Чыланзар» бағытының «Халықтар достығы» бекетіне ғана орнатылған. 

11 618
ӨзА