ӨзА Қазақ

01.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Сурхандария облысына жаңа әкім тағайындалды

Сурхандария облысына жаңа әкім тағайындалды
2019 жыл 1 мамыр күні Халық депутаттарының Сурхандария аймақтық кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессияда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, Сурхандария облысы әкімінің экономика және кәсіпкерлік мәселесі бойынша бірінші орынбасары қызметінде жұмыс атқарып келген Тура Боболов кандидатын облыс әкімдігі лауазымына ұсынды. 

Т.Боболов 1970 жылда туған. Еңбек жолын облыстағы мемлекеттік мүлік басқармасында есепшіліктен бастаған. Кейінірек ол сауда-өнеркәсіп палатасының өңірлік департаментінде, облыс әкімдігінде аймақты комплексті дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Осылайша Халық депутаттарының қолдауымен Тура Боболов облыс әкімі етіп тағайындалды.

Тура Боболов Сурхандарияның экономикалық – әлеуметтік жағдайынан хабары бар екендігінен, облыс тұрғындары мен аудын әкімдері және сеторлардың басшылары бірлесе отырып, мезжедегі міндеттерді толықтай атқаруына сенім артты. 

8 558
ӨзА