ӨзА Қазақ

13.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Самарқандта Ресей білім ордасының филиалы ашылады

Самарқандта Ресей білім ордасының филиалы ашылады

Өзбекстан президенті жарлығына сәйкес Самарқанд қаласында «Ресей мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм университеті» федералды мемлекеттік қаржы жоғары оқу орнының филиалы ашылады.

Аталған білім ордасы филиалының негізгі мақсаты - халықаралық талаптарға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы жоғары деңгейдегі міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Мұндағы дәрістер Ресей Федерациясы федералды білім беру стандарттарына сійкес орыс тілінде оқытылады. 

Филиалды бітіруші түлектерге Өзбекстандағы жоғары білімі бар екендігі турасындағы құжат ретінде есептелетін диплом беріледі. 

8 437
ӨзА