ӨзА Қазақ

21.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Саида Мирзияева: Президенттің Бес бастамасын жүзеге асыру үшін үйлестіру органы құрылды

Саида Мирзияева: Президенттің Бес бастамасын жүзеге асыру үшін үйлестіру органы құрылды

Өзбекстан Республикасы Президентінің Бес бастамасы бойынша бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Бағдарламаларды басқару кеңсесі (ББК) құрылды. Бұл жайында Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры орынбасары Саида Мирзияева фейсбук парақшасында мәлімдеді.

«Оның негізгі мақсаты - Имплементация стратегиясын әзірлеу. Стратегияның алғашқы нұсқасы дайын, мен оны қоғамдық талқылауға ұсынамын.

Баршаға белгілі, Мемлекет басшысының Бес бастамасы ең алдымен жастар мен қыз-келіншектер мүддесіне арналған. Бұл бастама ұйымшылдықпен орындалса жақсы нәтиже беретініне сенімдімін, өйткені біздің күш-жігерімізді біріктіру арқылы жаңа мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сондықтан мен жастар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, жас көшбасшыларды және өз елінің өркендеуіне бей-жай қарамайтын азаматтарды Бес бастаманы жүзеге асыруға шақырамын.

Стратегияның жұмыс нұсқасын мына сілтемеден табуға болады. Егер өзіңіздің ұсыныстарыңыз немесе басқада пікірлер туындаса мына электронды мекен-жайға жіберулеріңізге болады: 5initiativesuzbekistan@gmail.com» - деп жазады Саида Мирзияева.

9 229
ӨзА