ӨзА Қазақ

24.05.2019 10:08 Басып шығару нұсқасы

Рұқсатсыз көлік терезесінің түсін (тонировка) өзгерткендерге айыппұл көлемі артты

Рұқсатсыз көлік терезесінің түсін (тонировка) өзгерткендерге айыппұл көлемі артты

Өзбекстанда көлік терезесі түсін (тонировка) өзгерткен транспорт көліктері рұқсатсыз пайдаланғандығы үшін айыппұл көлемі 25 пайызға асырылды.

Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Президент қол қойды.

Құжжатқа байланысты, әкімшілік жауапкершілік турасындағы кодексіне кейбір түзетулер енгізілді.

Базалық есептеу

Атап айтқанда, «Техникалық регламенттерге жатпайтын айналар және (немесе) түсі өзгертілген (қарайтылған) терезелі транспорттардан пайдалану, сондай-ақ жүргізуші орынынан айнала-атырапты көруді шектейтін қосымша заттар орнатылған немесе түрлі жабындылармен қапталған көлік құралдарын пайдалану,

• ең төменгі жалақының 25 пайызы көлемінде айыппұл салуға себеп болады

Дәл осындай заң бұзушылық әкімшілік жазасы қолданғаннан кейін бір жыл аясында қайталанатын болса, -

• ең төменгі жалақының 45 пайыз көлемінде айыппұл салуға себеп болады

Егер сіздің көлік терезесі түсін өзгерту (қарайтуға) үшін рұқсатнама берілген болса, ондай жағдайда сізге ешқандай айыппұл салынбайды».

Еске сала кетсек, бүгінге дейін терезесі техникалық регламенттерге жатпайтын айналы және қарайтылған көлік құралдарынан пайдалану ең төменгі жалақының 1 пайыз көлемінде айыппұл салынатын еді.


ӨзА
8 424