ӨзА Қазақ

10.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мақта көп терген Қарақлпақстандық жанұяға автокөлік сыйға тартылды

Мақта көп терген Қарақлпақстандық жанұяға автокөлік сыйға тартылды

Қарақалпақстан Республикасының Нүкіс ауданындағы «Бақаншақты» аул азаматтары жиынында «Рустам» фермер қожалығында «Он күнде үздік мақта терген отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

Он күн ішінде 7 тонна 146 кг мақта терген «Кедер» ауылының тұрғыны саналатын Аташовтар отбасы жеңімпаз атанып, «Спарк» автокөлігінің жеңімпазы атанды. Жалпы бұл жанұяның он күн ішінде терген мақтасының ақысы 7 млн сумға жуықтаған.

Сонымен қатар, он күн ішінде 5 тонна 599 кг мақта терген Туребаевтар отбасына мұздатқыш, 4 тонна 803 кг мақта терген Юсуповтарға газ плитасы, 2 тонна 571 кг мақта терген Генжебаевтар мен 2 тонна 445 кг мақта терген Узақбергеновтар отбасына теледидар сыйға тартылды. 

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағының барлық аймақтарында мақта терім науқаны жүріп жатыр. Биылғы жылдағы қолда терілген мақтаның әр келісі үшін алғашқы(бірінші) терімінде 800 сум, екінші терім кезінде 1200 сум көлемінде ақша төленетін болып белгіленген.

photo5255821217955425208.jpg

3 427
ӨзА