ӨзА Қазақ

25.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Міндетті автокөлік сақтандыру, табиғи апаттан келген зиянды төлейме?

Міндетті автокөлік сақтандыру, табиғи апаттан келген зиянды төлейме?

Күшті жел мен жауанның кесірінен ағаш бұтақтарының автокөлік үстіне құлап түсуі немесе сел т.б. табиғи апат жағдайында зиян келген көліктер жайындағы фотосуреттер соңғы кезде әлеуметтік желілерде көптеп тарап кетті.

Сұрақ, Авто транспорт құралдары азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру немесе мемлекеттік тілде міндетті автокөліктік сақтандыру осы шығындарды өтейме? Міндетті көлік сақтандыруда нені сақтандырады: көлік немесе жүргізуші?

2008 жылы енгізілген міндетті сақтандырудың бұл түрі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру турасындағы» Өзбекстан Республикасының заңы және Министрлер мекемесінің «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Өзбекстан Республикасының заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен тәртіпке салынады. Сақтандырудың аталған түрі сақтандыру компаниялары тарапынан бірдей шартпен жүзеге асырылады. Міндетті түрде автокөлікті сақтандыру барлық жүргізушілер үшін міндетті болып табылады, ол қай сақтандыру компаниясының сақтандыру полисін сатып алу өз еркінде.


міндетті көлік сақтандыруда жүргізуші көлікті басқару кезінде басқа кісінің денсаулығына немесе мүлігіне (өзі басқарып тұрған көлікке емес) зиян келтіргені үшін, келген шығынды төлейтін міндет сақтандырылады. Яғни, залалдың орнын немесе оның бөлігін «кінәлі» жүргізуші емес, сақтандыру компаниясы төлейді.

Айтайық, жүргізуші күтпеген жағдайда автокөлігімен жолдан өтіп бара жатқан малды соқты. Нәтижесінде біреудің мүлкі болған сиыр өліп жүргізушінің мойнына сиырдың иесіне оның құнын төлеуге міндеті туындайды. Дәл осы жағдайда сақтандыру компаниясы жүргізушінің келтірген зиянын төлеп беру міндетін өз мойнына алады.

Немесе қатты жел соғып көп қабатты үй маңында тұрған көлік үстіне ағаш құлап түсті және оған зиян келді. Автокөлік иесіне материалдық шығын болды, бірақ басқа біреулердің залалын төлеп беретіндей міндетті болмайды. Сондықтан мұндай жағдайда сақтандырудың міндетті көлік сақтандыру түрі бойынша ешқандай материалдық шығын төленбейді. 

"Өзбекинвест" ұлттық сақтандыру компаниясы Баспасөз қызметі.

10 133
ӨзА