ӨзА Қазақ

28.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мұғалімдер үшін Өзбекстанда қандай жеңілдіктер мен міндеттемлер енгізіледі?

Мұғалімдер үшін Өзбекстанда қандай жеңілдіктер мен міндеттемлер енгізіледі?

Нормативтік-құқықтық құжжаттар жобаларын талқылау порталында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің үздіксіз кәсібилігін дамыту жүйесі туралы» Жарлығы жарияланды.

Онда, 2021 жыл 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына 3 жылға арналған, мұғалімдерге 5 жылдық мерзімге дейінгі міндетті кәсіби лицензиялау жүйесі кезеңімен енгізілетін болады.

Сондай-ақ, Өзбекстан аумағында келесі жылдан бастап мектепті бітіруші оқушылары ЖОО-на түсалмаған 2,1 мыңнан астам білім беру мекемелері мен ұйымдарын қайта аттестаттау және аккредиттеуден өтетін болады.

Ал, 2021 жыл 1-ші қаңтардан бастап Ташкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жүру үшін педагок қызметкерлерге арнайы «Оқытушы» айлық жол жүру белеттері енгізіледі.

Осыған дейін, алдағы уақытта жоғары санатты мұғалімдер еңбегіне жараса 3,2 миллион сумға дейін айлық алуы белгіленген еді. Қазірде олардың жалақысы 2 миллион 600 мың сумды құрайды. 

5 306
ӨзА