ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Ұлыбритания мен Өзбекстан арасында әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Ұлыбритания мен Өзбекстан арасында әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

31 қазан күні Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ұлыбританияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимоти Торлот кездесті. 

Онда, Өзбекстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, -деп хабарлайды СІМ.

Бұл келісім қолданыстағы заңнамалық базаны сақтауға және тараптар арасындағы саяси, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, көлік, ауылшаруашылық, энергетика, ғылыми-техникалық, қаржылық және басқа салалардағы қатынастарды дамытуға бағытталған жан-жақты құжат болып табылады.

Халықаралық маңызға ие құжжат Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шыққаннан кейін Өзбекстан - Ұлыбритания арасындағы келісімшарттық қатынастарды жалғастыруға және барлық салада практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беріп, бұл келісім тараптардың ішкі процестерінің жүзеге асыру туралы соңғы жазбаша ақпарат алған күннен кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап күшіне енетін болады.

Ал, келісім күшіне толықтай енгенге дейін уақытша қолдану мүмкіндігіде қарастырылған. 

4 178
ӨзА