ӨзА Қазақ

18.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Көлік жүргізу сенімхаты қандай кезде талап етілмейді?

Көлік жүргізу сенімхаты қандай кезде талап етілмейді?

Өткен айда, Өзбекстан аумағында жақын туысқандар арасында автокөлікті басқаруда сенімхат талап етілмейтіні жайында Президент жарлығы шыққан болатын.

Атаулы заң 1-ші қазаннан күшіне енетіні тасқа қашап жазғандайғып анық көрсетілген де еді. Алайда бұл туралы заңнамалық құұжаттар қабылданбаған. Осы мәселе жөнінде кеше ІІМ өкілдері БАҚ қызметкерлері мен жиын өткізді.

Жиында көтерілген негізгі мәселе сенімхатсыз көлік басқару талаптары жайында болып, сол жөнінде ІІМ жол ережесі қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметкері Акмал Юнусовтың сөзіне сенсек, «бұл жарлық шыққаны мен әліге заңды құжжаттары толықтай даярланып бітпегендіктен амалда қолданылуы шектеліп тұр. Дегенмен керекті құжжат Министрлер Кабинетіне жіберілген. Жақын күндері жақсы жаңалық болып қалары сөзсіз. Қазірге сіздің сақтандыру полисіңізде жақын туысқандарыңыздың есімдері жазылған немесе сақтандыруыңыз шектеусіз болса, сізде ешқандайда мәселе туындамайды»- деп ақпарат берді.

Еске сала кетсек, Өзбекстан Репсубликасы Президентінің «ӨР нотариалды жүйесін түбегейлі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 1-ші қазаннан бастап автокөлік транспорты иесінің туыстары (ата-анасы, күйеуі, әйелі, балалары, іні-қарындастары және т.б) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралын пайдалану және басқару кезінде сенімхатты талап ету жүйесі жойылатыны жайында хабарланған болатын.

5 198
ӨзА