ӨзА Қазақ

09.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Бухара қаласында «Bukhara City» кешені бой көтермек

Бухара қаласында «Bukhara City» кешені бой көтермек

Қазір әлемде адам игілігі үшін жасалып жатқан заман талабына сай ғимараттар мен ойын-сауық орталықтарын құру, көңіл ашар әр түрлі кешендер салу заманмен бірге дамып келеді. Осы түсінікте қалыптасқан оймен Өзбекстан аумағында соңғы жылдар барысында үлкен өзгерістер болып жатқаны анық байқалады.

Бір ғана Ташкент қаласының өзінде бірнеше қалашықтың салынуы, сонымен бірге «Smart» қаланың бой көтеруі бұл әрине барлығы адам игілігі үшін жасалып жатқан шаруалар.

Осыған байланысты Өзбекстан үкіметі тек Ташкентте ғана емес басқада қалаларды осы дәрежеде дамыту мақсатында тарихи қаласы Бухарада, «Bukhara City» заманауй касіпкерлік және тұрғын үй орталықтарын құруға байланысты тиісті іс-шаралар турасындағы Үкімет жарлығы қабылданды.

Аталған қаулыға байланысты, Бухара қаласының атырапында тиімсіз пайдаланып жатған ғимараттар мен құрылыс нысандары жалпы 83 гектар алқапты майданға «Bukhara City» заманауй касіпкерлік және тұрғын үй орталықтары құрылады.

Бұл заманауй кешен аумағында мұражай, халқаралық конференция және форумдар өткізуге арналған экспоорталық, бизнес орталық, кинотеатр, театр, кітапхана, банк қызметі, түрлі кеңселер, тұрғын үйлер мен түрлі ойын-сауық, көңіл ашар орталықтар салу жоспарланған. 

hzwrEL15572378765287_l.jpg

11442023.jpg

8 800
ӨзА