ӨзА Қазақ

29.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Бухара қаласынан оқушыларды алып кележатқан автобус жанып кетті, жарақат алғандар бар

Бухара қаласынан оқушыларды алып кележатқан автобус жанып кетті, жарақат алғандар бар
2019 жыл 29 сәуір күні сағат 02:00 шамасына Орташыршық ауданы аймағынан өтетін 4Р20 тас жолының 6 шақырым қашықтықта Бухара қаласынан зираттан қайтқан, салонында 53 жолайшысы болған м/н 11 366 СВА “Мерседес” автобусының дөігелегі жарылып кетуінің нәтижесінде жүргізуші басқаруды жоғалтып бетон қабырғаға барып соғылған. 

Нәтижесінде автобустан өрт шыға бастаған, жолаушылар дереу автобустан эвакуацияланған.

Барлық жолаушылар медициналық тексеруден өткізілген, 7 жолаушы түрлі жарақат алды, 2 адам Орта Шыршық ауданы медициналық көмек орталығына, 5 адам Өзбекстан Республикасының шұғыл медициналық көмек орталығына орналастырылды.

Көрсетілген автобуста Ташкент облысы Паркент ауданы 31-ші жалпы орта мектептің 37 оқушысы, 3 мұғалімі, 10 ата-ана және 3 жүргізушісі болған, деп хабар таратқан Өзбекстан РеспубликасыТөтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

8 867
ӨзА