ӨзА Қазақ

24.06.2019 Басып шығару нұсқасы

«Балаларды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау үшін электронды өтініш беру» қызметі уақытша тоқтатылды

«Балаларды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау үшін электронды өтініш беру» қызметі уақытша тоқтатылды

2019 жыл 1-ші шілдеге дейін «Балаларды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау үшін электронды өтініш беру» және «Балаларды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау кезегін тексеру» мемлекеттік қызметтері уақытша тоқтатылды.

Соңғы уақытта Мемлекеттік қызметтер агенттігіне мектепке дейінгі мекемелердің жүиесіндегі кезектер позициясы өзгеруіне байланысты бірнеше арыз-талаптар келіп түскен..

Мектепке дейінгі білім беру министрлігінің ресми өтініші бойынша, мектепке дейінгі білім жүйесін басқаруды жетілдіру үшін ерекше қабілетке ие балаларды электрондық кезекке тұрғызуда арнайы есепке алу және мониторинг жүйесі енгізілуде.

Бұл жұмыс жүйелік проблемаларды жоюға және алдын алуға, сондай-ақ осы қызметті қамтамасыз етуде адам факторын толықтай жоюмен толық автоматтандыру үшін жүзеге асырылуда. Сол себепті 2019 жылдың 1-ші шілдесіне дейін эелектрондық кезекке қою интерактивтік мемлекеттік қызметтері өз жұмысын тоқтатады.

Мемлекеттік қызметтер агенттігі баспасөз қызметі хабары.

8 764
ӨзА