ӨзА Қазақ

14.04.2019 10:03 Басып шығару нұсқасы

БІЗ – БІР ТӘН, БІР ЖАНБЫЗ

БІЗ – БІР ТӘН, БІР ЖАНБЫЗ
Гүлдана Нарынбетова, “Кенимех таңы” газетінің бас редакторы:

– Қызылқұм жазығы көктемінің бір әсем көрінісі, қайталанбас сұлулығы болады. Бұл мезгілде, әсіресе, күннін шығуын бақылау өте тамаша. Ару күннің нұры туған өлкеміздің дархан даласындай құдіретті мейірімді бейне бір жүрегіңе сіңдіріп жатқандай сезінесің өзіңді. Содан шығар, әрқашан күнді қарсы алуды бақыт деп санаймын. 

Бүгін де солай болды. Күннің қарсысында отырып, интернет арқылы жаңа хабарларды оқи бастадым. Кенеттен ӨзА сайтында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың интервьюін оқып толқып кеттім. Жүрегімнің түбінде ерекше сезім өте бастады...

Соңғы екі-үш жылда Өзбекстанда жаңа өзгерістер кезеңі басталды. Бұл үдерісте көрші елдермен қарым-қатынасымыз мүлдем жақсарды. Біз қазақ ұлты болғанымыздықтан, Өзбекстан — Қазақстан арасындағы байланыстардың нығайып бара жатқанына әрине қуанамыз. 

Бүгін ата мекеніміз – Кенимехтай құт-берекелі жерде қазақ ұлты өкілдері де ешкімнен кем болмастан өмір сүруде. Біздің өмірімізде де көптеген жақсы өзгерістер болды. 

Кенимех көз алдымызда көрікті де әсем қалаға айналуда. Әсіресе 2018 жылғы март айында Президентіміз Шавкат Мирзияевтың ауданымызға сапары ырыс-берекелі болды, жаңа реформалар кезеңін бастап берді. Арадан көп өтпей аудан тұрғындарының көп жылдық арман-тілектері жүзеге аса бастады. Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламалары негізінде тігін-трикотаж цехтары, жылыжайлар, шағын өндіріс нысандары құрылды. Оларда аудан тұрғындары, атап айтқанда, әйел-қыздар істеуде. Адамдар ауызсумен қамтылды. 

“Абат ауыл”, “Абат маҳалла” бағдарламаларына сәйкес, аумақ түбегейлі жаңа шырайға еніп жатыр. Жаңа үйлер бой көтеруде. Бүгінде жүздеген тұрғын міне осындай заманалық үйлерде жасайды. Осы сынды өзгерістерді санасақ, көп уақыт кетеді. Бір сөзбен айтқанда, ауданымыздың өмірі қайта жанданды, Кенимех – бүгінгі көктем таңындай сұлу, берекелі мекенге айналды. 
Қазақстан Президенті өз интервьюінде айтып өткеніндей, Қазақстанда өткен жылы Өзбекстан жылының, ал елімізде бұл жыл Қазақстан жылының өткізілуі өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жаңа көпірлерін құру мүмкіндігін береді. 

Біз кенимехтықтар да Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін елімізде басталатын мемлекеттік сапарынан көптеген жақсылықтар күтудеміз. Бұл сапар құда-жегжат өзбек-қазақ халықтары достығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сеніміз мол. 

ӨзА
45 714