ӨзА Қазақ

13.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Бүгін халықаралық солақайлар күні

Бүгін халықаралық солақайлар күні

Бұл күн жыл сайын 13 тамызда бейресми түрде аталып өтеді. Тарихта алғаш рет 1976 жылы 13 тамызда Lefthanders International ұйымының бастамасымен атап өтілді. 

Сосын 1984 жылы ЮНЕСКО тамыздың 13-ші жұлдызын солақайлар күнін атап өту туралы шешім шығарды. Мұндай шешім шығарудан көзделген мақсат оң қолына қарағанда сол қолын көбірек пайдаланатын адамдарға әлем назарын аударту және олар үшін арнайы өнімдерді жасап шығаруды қолға алу еді. Өйткені оң қолға ыңғайлы заттар сол қолға өте қолайсыз болғандықтан, солақайлы адамдардың жүйке жүйесі сыр беретін. Ал осындай ынғайсыздықтардан жыл сайын 2500-дей солақай жандар оң қолға арналған заттар мен бұйымдарды және құрылғыларды пайдаланудағы қолайсыздықтан көз жұмады екен.

Тарихтан белгілі ескі замандарда солақайларға кәдуілгі адамдардың көзқарасы дұрыс болмай оларды қоғамнан аластатуға тырысқан. Солақайлар әлемдегі адамдардың 10 пайызын құрап, бұл құбылыс әйелдерге қарағанда ерлер арасында көптеп кездеседі екен. Зеттеушілердің айтуына қарағанда жер шарының оңтүстік бөлігінде солақайлар көптеп кездеседі. 

Кейіннен келе жаңа заман ойшылдары мен психологтарының пікірінше тума солақайлар өте қабілетті және қабілетіне жараса өр мінезді келеді деп бағалаған. Көптеген тарихта есімі қалған атақты жандар солақай болған, олар қатарында Наполеон Бонапарт, Юлий Цезарь, Александр Македонский, Аристотель, Альберт Эйнштейн, Чарли Чаплин, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Бетховен, Моцарт, Мэрилин Монро, Франц Кафка, Билл Гейтс, Джеймс Кэмерон, АҚШ президенттері – Джеральд Форд, Рональд Рейган, Үлкен Джорш Буш, Билл Клинтон, Барак Обамалар да солақай адамдақ қатарында екен. 


9 677
ӨзА