ӨзА Қазақ

25.05.2019 12:12 Басып шығару нұсқасы

Бүгін – соңғы қоңырау!

Бүгін – соңғы қоңырау!

Бүгін 25 мамыр еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептерде – «Соңғы қоңырау» мерекесі күні өтуде. 

Осылай көктемнің соңғы күндері біреу мектеп бітіріп келесі білім бағытының қақпасын қағуға қамданса, енді бір бүлдіршін осы мектеп қабырғасына келуді аңсап күзді күтуде.

Екі буын екі ойлы, бірінің ойы біріне қайшы. Қасиетті қарашаңырақ – мектеп атты қастерлі мекеннен бірі кетуге асық, бірі келуге ынта. 

Енді бүгін – өмір атты ұзақ жолдың қақпасынан аттаған жас түлек, осы өмірдің өзінен өз тағдыр жолын іздеп асқақ арман – қиал жетегіндегі асу шыңдарды бағындырғалы асығып барады. 

Осы кезде мына бір Мұқағалидың өлең жолдары жадыңа оралады,

Мектебің мынау класың ,
Осында он жыл тұрасың .
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.

Барлық мектеп бітірер жас түлекке, келесі білім бағыты сапарына сәлттілік тілейміз!


ӨзА
8 701