ӨзА Қазақ

06.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Президентінің жолдауы Ташкентте талқыланды

Қазақстан Президентінің жолдауы Ташкентте талқыланды

Бүгін 6-шы қыркүйек Ташкент қаласында орналасқан Қазақстан елшілігі ғимаратында, Қазақстан Республиасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына алғашқы жолдауына байланысты дөңгелек үстел жиыны өтті. 

Жергілікті БАҚ өкілдері, журналистер мен эксперттер қатысқан жиында, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мырза сөз басын алдымен Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, бірден Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жуырда ғана «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Президенттік өкілетіндегі Қазақстан халқына арналған алғашқы жолдауына көшті. 

Кезектегі Қазақстан халқына арналған жолдауда қамтылған Бес институционалды бастамада өте өзекті мәселелер қамтылған. 

I. Заман талабына сай тиімді мемелекет.
II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
III. Дамыған және инклюзивті экономика.
IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі.
V. Қуатты өңірлер – қуатты ел. 

Жоғарыдағы айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің басты назардағы бес бағыттың тармақтарына жіті назар аударған философия ғылымдарының кандидаты, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институты, қазіргі заман тарихы және халықаралық зерттеулер бөлімі бастығының орынбасары Назаров Равшан Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуға байланысты нақтылы тұжырымдама әзіленуін айта келе, Президенттің саяси жаңғыру үдерісін халықпен ел мүддесіне сәйкес кезеңмен жүзеге асатынын жоғары бағалап, келер жылы Әл-Фарабидің 1 150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтуі кезіндегі, жолдауда айтылғандай «ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек»,- деген тұсын өте орынды айтылғандығын және халық арасында дәріптелуін ең бір құптарлы екендігін жеткізді.

fb32aa61-2382-464f-bd2c-fae938a46e25.jpg

Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институты, қазіргі заман тарихы және халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Рахматуллаев Шавкатжон осы жолдаудағы айтылған, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы жағдайды айта келе, ел экономикасын арттыруға елдің климаты да, құнарлы жері де, географиялық орналасуы да өте ыңғайлы және жаһандану тенденциясының күшеюі жағдайында болашақта жолдау шараларын іс жүзінде іске асыру бұл ұлттық экономиканы қажетті параметрлерге қарай әртараптандыру үрдістерінің нығаюына оң әсер ететіндігін айтты. 

Снимок1213.JPG

Қазақ елінің Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы жолдауын елші Дархан Аменгелдіұлы түйіндей келе, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени-гуманитарлы, әлеуметтік-экономикалық және басқада жалпы әр түрлі салалардағы байланыстарының күн өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқанын саралай отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жолдауының қисын-кетігі мен жүйелі реформасының талқылануына атсалысқаны үшін БАҚ өкілдері мен журналист, сарапшыларға өз ырзашылығын білдірді. 

13de0486-e85c-487b-9f68-6cf50b005d45.jpg


7 636
ӨзА