ӨзА Қазақ

19.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Ауғаныстандық қыз-келіншектер Өзбекстан мен Қазақстан университеттерінде білім алатын болады

Ауғаныстандық қыз-келіншектер Өзбекстан мен Қазақстан университеттерінде білім алатын болады

Биылғы оқу жылынан бастап Өзбекстан мен Қазақстан жоғары оқу орындарында ауғаныстандық қыз-келіншектердің білім алуы жолға қойылмақ. Бұл жайында Европаның сыртқы бйланыс қызметі мәлімдеген.

Бұл игі бастамалы білім жобасы, екі елдің БҰҰ мен серіктестігінде жүзеге асырылып отыр. Қазіргі кезде жобаны жүзеге асыру бағдарламасы аяқталып оны 2019/2020 жылғы оқу жылына ұсыну жұмыстары басталған.

Алғашқы студенттер қыркүйек айынан оқуын бастайды. Блім беру жүйесі ағылшын тілінде болып, биыл 50 немесе 100 ге жуық қыз-келіншектер жоба аясында білім алуы жоспарланған. Егер бұл тәжірибелік қадам өз нәтижесін берер болса, БҰҰ алдағы уақытта жобаны одан әрі жетілдіру ниетінде, деп мәлімет берген Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі.

7 954
ӨзА