ӨзА Қазақ

07.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Қашқадариядағы «Сайтан көпір» әлі күнге жөнделмеген

Қашқадариядағы «Сайтан көпір» әлі күнге жөнделмеген

Жыл басында фотосуреттерімен, видеотаспалары әлеуметтік желілер арқылы тарап көпшіліктің аузында, «Сайтан көпір», «Қыл көпір» атымен даңқы шыққан Кашкадарияның Диханабат ауданындағы аспалы көпір қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Осы көпірді әлеуметтік желілерде пайда болғаннан кейін қоғамда үлкен резонас пайда болып, бір топ белсенді блогерлер мен журналистер оқиғаның мән жайын білу мақсатында арнайы сапар ұйымдастырды.

Арадан бір жарым ай уақыт өтіп ауданда жалпы 27 көпір құрылуы мен басты пландағы «Сайтан көпір» атымен шулы болған аспалы көпірде жөндеуден өтеді,- деп аудан әкімшілігі бұл жағдайды жылы жапқан болатын.

Соңынан жаңа көпірдің жөндеуден өткен су жаңа суреттерін әлеуметтік желіні жарып жіберердей жарқыратып, тіпті әсем шарлармен безендірген бйнелерімен мақтана берген болатын. Обалы не керек жақында ғана бір шағын сапар аясында көрмек болып жол түскен кезде, түрлі әшекеймен әрленген көпір, өкінішке орай басқа болып шықты. Ал сіз бен біз көрген жыл басындағы «Сайтан көпір» әлі күнге сол қалпы жөнделмеген күйі сәл болмаса қирап қалар жағдайда сақталып келеді.

photo_2019_03_27_10_13_04.jpg

Күнделікті, ілгеріден жалғасып келе жатқан сценарий бойынша «Жақын күндері жөндеуден өткізетін боламыз» немесе «тиісті қаражат енді ғана аударылды»,-деген сынды қатып қалған қағиданы ұстанатын жауапты кісілер, алдына келген қараны қапалы етпей өтірік уәдені үйіп-төгіп айлар мен жылдарды осылай өткізе бермек. Ал әлеуметтік желіде айдың бетін етекпен емес жәй ғана елеспен жауып қойғанын қайтерсің тағы...

Snimok.jpg

Snimok1.jpg

Snimok2.jpg



10 267
ӨзА