ӨзА Қазақ

22.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Қаржылық дағдарыстан кейін исламдық қаржыландыруға талап асты, не үшін?

Қаржылық дағдарыстан кейін исламдық қаржыландыруға талап асты, не үшін?

XIX ғасырдың танымал экономисті, Германия мен Аргентинадағы табысты бизнесмен, С.Гэзеллдың айтуынша, адамдар қажеттілікгі немесе сапасына байланысты емес, «ақша бағасының» жаңа пайыздар мен байланысты екенін алға тартып, пайыз өндіруді қаралаған. Бұл ұсынысты Австрия, Франция, Германия, Испания, АҚШ сынды елдеріде қолдады. Бірақ ол ұлттық банк монополиясына қауіп төндіре бастағаннан соң, бұл бастамалардың баршасы жойылды.

Бірақ 2008 жылдағы қаржылық дағдарыстан соң, балама қаржыландырулардың өсуі тағыда күшейе түсті. Бастапқыда исламдық қаржы өнімдері қолжетімді болмаса да, соңғы жылдары көптеген тұтынушыларды өзіне тарталды. Мұны Орталық Азия елдеріне болып жатқан өзгерістерден байқауға болады.

Жақында Өзбекстанда өткен исламдық қаржыландыру форумында «Исламдық қаржы негіздері» кітабының авторы, Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі Ерлан Байдаулеттің осы жайында айтқан керек деректерін жазып алған едік.

«Исламдық қаржыландыру» термині көп жағдайда «пайызды шектеу» жүйесіні тарифтеу үшін қолданылады. Бірақ, осындай қарапайым жеткізуде дұрыс емес, бәлкім қосымша кейбір тұстарын да біліп алған дұрыс Банктер несиені үстеме ақысыз береді, бірақ кәсіпкерлерге тиесілі табысқа ортақтасады. Расында да, ислам қаржы мекемелерінің пайызсыз несие беруі, кәсіпкердің тәуекелін бірлесе көтеруі, қаржылық және моральдық жауапкершілікте болуы ислам банкингінің танымалдығын арттырып, оның қызметін тұтынушылар бойында қоғамдағы әділеттілік пен парасатқа деген сенімін қалыптастыратынын түсініп жетеді, -дейді Ерлан Байдаулет.
Қазіргі таңда әлемнің дамыған және мұсылман халқы саны көп болмаған елдер де, бұл жүйе дамып келеді. Мысалыға, АҚШ тың екі шаттында Девон және Юниверсити банктері исламдық қаржыландыру өнімдерін ұсынып жатыр. Олар исламдық қаржы өнімдерін өз штаттарында ғана емес, бірнеше қала тұрғындарына да жеткізу рұқсатнамасына ие.

Мұндай процесс Ұлыбритания еліндеде байқалады. Бұл елде қызмет көрсетіп жатқан 22 халқаралық банктер «Исламдық қаржыландыру» қызметтерін ұсынады.

Мен көптеген елдерде исламдық қаржыландыруды үйреніп бақылап тұрамын. Соларға байланысты айтсам, соңғы жылдары Өзбекстанда исламдық қаржыландыру процесі дамып келеді. Шын мәнінде, Өзбекстан - Орталық Азия аймағындағы халық саны бойынша алдынғы қатарда. Бұл жүйенің одан әрі дамуының басты проблемаларының бірі Өзбекстанда исламдық қаржыландыру үшін толық құқықтық базаның болмауы. Дегенмен көптеген лизингтік компаниялар ашылуда.

Осы орайда айта кететіні, Исламдық қаржыландырудың қайрымдылық бағыты Орталық Азияда Ислам діні келген кезден бастап тараған және Әмір Темір дәуіріне тиесілі қайырымдылық құжаттары да, қазіргі кезге дейін сақталып келеді. 


8 970
ӨзА