ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

2019 жылдың тоғыз айында Өзбекстан жолдарында 4,6 миллон ереже бұзушылық байқалған

2019 жылдың тоғыз айында Өзбекстан жолдарында 4,6 миллон ереже бұзушылық байқалған

Өзбекстан Республикасының ІІМ-нің Жол қауіпсіздігі бас басқармасы және оның аймақтық басқармалары 2019 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында 4 607 034 мәрте жол ережелері бұзылғандығын анықтаған.

Олардың 2 055 254 өрескел заң бұзушылық, 25 202 мас күйінде көлік жүргізу және 252 072 іс жаяу жүргіншілердің құқық бұзушылықтарына қатысты болған. Бұлар қатарында 19 436 көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану, 779 909 қауіпсіздік белдіктерін тақпау, 628 мониторды пайдалану немесе өздігінен орнату, 41,199 сақтандыру полисінсіз көлік құралын басқарулары анықталған.

Белгіленген тәртіптегі ережелерді бұзған 8492 азаматар көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 

Өткен жылмен салыстырғанда балалардың жолдағы ережені бұзу көрсеткіші 10,7 пайызға, жаяу жаяу жүргіншілер 23,6 пайызға азайған. Ал, осы тоғыз ай ішінде 5207 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1396 кісі өлімімен аяқталған. 4821 адам түрлі дәрежеде жарақаттанған.

4 142
ӨзА