ӨзА Қазақ

31.07.2019 Басып шығару нұсқасы

1-ші тамыздан бастап Өзбекстанда қандай өзгерістер орын алады?

1-ші тамыздан бастап Өзбекстанда қандай өзгерістер орын алады?

Өзбекстан Республикасы аумағында 2019 жылдың 1-ші тамызынан бастап орын алатын өзгерістер жайында қысқаша мәлімет.

-2019 жылдың 1-ші тамызынан бастап бюджеттік мекемелер мен ұйым қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақысы, шәкіртақы мен жәрдемақылар 1,1 есеге артады және ел аумағында ең төменгі жалақы – айына 223 000 сум болады. 

standart-1-min.jpg

-Азаматтардан кейбір мәліметтер талап етілмейтін болады

Мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар тарапынан жеке тұлғалардан жинақталып баратын зейнетақы кітапшасы, салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызы бар немесе жоқтығы турасындағы анықтама, салық төлеушінің тіркелгендігі туралы куәліктің, төленген кірістердің және жеке тұлғалардан алынатын кірістер салығының ұстап қалынған соммасы туралы ақпараттар талап етілмейтін болады.

142be156-5adc-4150-8b29-91b483c39197.jpeg

-Жоғары және арнайы орта білім министрлігі қызметшілерінің жалақысы асады.

кандидаты немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне немесе шет елдің оған теңсетірілген басқа ғылыми дәрежесіне ие қызметшілердің айлық жалақысына 30%

докторлық немесе докторлық (DSc) ғылыми дәрежесіне немесе шет елдің оған теңсетірілген басқа ғылыми дәрежесіне ие қызметшілердің айлық жалақысына 35%

Министрліктің Орталық аппаратының қызметкерлері жоғары және орта арнаулы кәсіптік білім жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін - 10 пайыз, 5 жылдан 10 жылға дейін - 20 пайыз, 10 жылдан 20 жылға дейін - 30 пайыз, 20 жылдан жоғары - 40% ай сайынғы жәрдемақы төленеді.

1493731673_obrazec-rezj-me-vypusknika-studenta.jpg

-Қосымша құн салығы және бірыңғай салық төлеушілер кеңейтіледі

Жер салығын жалғыз төлеуші болып табылатын ауылшаруашылық тауар өндірушілер қосымша құн салығын өз еріктерімен төлеуге өтуі мүмкін.

Табысы 100 миллионнан асатын, бірақ күнтізбелік жыл ішінде бір миллиард сумнан аспайтын телекоммуникациялық байланыс операторлары және (немесе) провайдерлерге қызмет көрсететін жеке тәртіптегі кәсіпкерлерге 25 пайыздық ставка бойынша бірыңғай салық төлемін жасауға өтеді.

38d264f6-27d3-4e4d-8b85-56119c1a068e.png

- Белгілі бір тауар түрлерін таңбасыз сатуға тыйым салынады.

2019 жылдың 1 тамызынан бастап тауарлар санатына байланысты импортталатын және отандық өнімдерге қорғайтын таңба және (немесе) нано-молекулалық технологияны қолдана отырып, кезеңмен міндетті таңбалау енгізілетін болады.

Сонымен бірге, тауарлардың 39 түрі 2019 жылдың 1 тамызынан бастап міндетті түрде таңбаланады.

markirovka-tabaka3_0.png


5 681
ӨзА