ӨзА Қазақ

24.06.2019 Басып шығару нұсқасы

1-ші шілдеден ЖПҚ қызметкерінде видеокамера болуы шарт! Енді видео таспаларды жіберген адамдарға 10 136 сум көлемінде ақшалай сыйлық беріледі

1-ші шілдеден ЖПҚ қызметкерінде видеокамера болуы шарт! Енді видео таспаларды жіберген адамдарға 10 136 сум көлемінде ақшалай сыйлық беріледі

2019 жыл 1-ші шілдеден бастап заңнамада көрсетілген тәртіптерде біраз өзгерістер орын алды.

-Видеорегистраторлар делелді жинаушы құралға айналды. Автотранспорттардағы видеорегистраторларда көрсетілген құқық бұзушылық енді дәлел ретінде қаралады және Әкімшілік жауапкершілік кодексінде белгіленген тәртіппен қарастырылады.

1 шілдеден бастап кез-келген қоғамдық көлік және жолаушы тасумен айналысатын заңды тұлғалар үшін автокөлік құралдарына арналған видеорегистратор орнатуы міндетті.

31aba6da_585f_4b2f_9a0e_10d347f1905e.png

Құқық бұзушылық туралы бейнежазбаларды жіберген тұлғаларға ең төменгі жалақының бес пайызы (қазір таңда 10 136 сум) көлемінде ақшалай сыйлықпен ынталандырылады.

-ЖПҚ қызметкерінде видеокамера болуы міндетті. ЖПҚ қызметкері қызмет кезіне мобилді видеокамерадан пайдалануы және бұл жайында жол ережесі қатысушыларына мәлімдеуі керек. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер болған жағдайда, оны дәлелдеу үшін видео таспадан файдалануы жайында жүргізушіні ескертуі керек.

Жол патрулдік қызметкерінің видеокамерасы болмаған жағдайда, жүргізуші құжжаттарын көрсетпеу құқығына ие.

-Таксишілік жасау үшін машинаны бояу шарт емес. Бағытсыз такси машинасының түсін заңда көрсетілгендей түске келтіру үшін (облыстарда сары және Ташкент қаласында піл сүйегінің түсі) өзі жабысатын материалдардан пайдлануға рұқсат беріледі. Оларды бояу міндетті емес. 

26b89639_a59d_4a81_9e4e_2bb2a4e0668f.png

1-ші шілдеден қандай өзгерістер болатыны жайында толықтай мына сілтемеде таныса аласыздар.

9 104
ӨзА