ӨзА Қазақ

15.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда мұғалімдердің жалақысы айтарлықтай өседі

 Өзбекстанда мұғалімдердің жалақысы айтарлықтай өседі

Халқаралық пресс-клубтың кезекті бағдарламасында «Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайындағы» Президент жарлығына байланысты арналған сессияда халыққа білім беру министрінің орынбасары Темуржон Комилов мұғалімдердің айлық жалақысы жайында айтып өтті.

Темуржон Комиловтың айтуынша, 2016 жылда бірінші санаттағы оқытушылар 980 мың сум, директор қоры тарапынан төленетін ынталандырушы сыйақы мен қоса алғанда 1 миллион 200 мың сумға жақын ақша алатын еді. Биылғы жылдан бастап осы санаттағы мұғалімдер салықтардан сырттай 2 миллион 600 мың сум айлық алуда.

Мемлекет басшысының «Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайындағы» жарлығы алдынан жоспарланған тәртіпке байланысты, мұғалімдердің айлық жалақысында айтарлықтай өсім байқалады. Алдағы уақытта жоғары санатты мұғалімдер еңбегіне жараса 3,2 миллион сумға шейін айлық алуы белгіленіп отыр.