ӨзА Қазақ

04.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда мұғалімдер арнайы төсбелгілермен марапатталатын болады

Өзбекстанда мұғалімдер арнайы төсбелгілермен марапатталатын болады

Өзбекстанның Білім министрлігі мұғалімдердің мәртебесін одан әрі көтеру және оларды қоғамдағы ең құрметті мамандық ретінде құрметтеу үшін оларға арналған төс белгі енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында хабарланды.

Қазірде атаулы көкірек төс белгісінің 8 түрі жасалған болып, олар осы сала өкілдерінің өзіне лайықты дегенін таңдау мүмкіндігіне ие екендігін айтып дауысқа қойған. Дауыс беру министрліктің Telegram арнасында өтуде.

Осыған дейін Өзбекстанда оқытушы мәртебесін көтеру мақсатында біраз жұмыстар атқарылып, ең негізгісі осы сала мамандарының жалақысын 1000 долларға көтеру жоспарланған. Ал келесі 2021 жыл 1-ші қаңтардан бастап Ташкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жүру үшін педагок қызметкерлерге арнайы «Оқытушы» айлық жол жүру белеттері енгізілетін болады.

4 536
ӨзА