ӨзА Қазақ

01.04.2019 17:23 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда АЭС құрушы мамандар даярланады

Өзбекстанда АЭС құрушы мамандар даярланады
Елімізде орын алып жатқан алуан реформалар дәуірінде экономикалық тұрақтылық, халық тұрмыс тіршілігіні жақсарту негізгі міндеттердің бірі.

Президентіміз Шавкат Мирзияев 2018 жыл 19 шілдедегі «Өзбекстан Республикасында атом энергетикасыны өркендету іс-шаралар жайында»ғы қаулысы, бұл істердің көлемін арттыруда мұқым құқықтық негіз ретінде қызмет етуде.
Аталған қаулы аясында «Ўзатом» агенттігі құрылды. ӨзА тілшісі аталған агенттіктің бүгінгі күнде атқарып жатқан жұмыстарымен танысу мақсатында Өзбекстан Республикасы энергетика уәзірлігі бірінші орынбасары - «Ўзатом» агенттігі бас директоры Жўрабек МИРЗАМАҲМУДОВ пен кездесті. 

Кездесу барысында тілшіміздің сұрақтарына жауап берген «Ўзатом» директоры былай дейді – «атом электр станциясы саласында дүниежүзілік жобалар саны және көлемі бойынша жетекшілік ететін «Росатом» корпарациясымен тиісті келісімшартқа қол жеткіздік.

Болашақ АЭС «3+» әулетіне жататын болып, әр бірінің қуаты 1200МВт тең екі ВВЭР-1200 энергияблоктан құралған. Олар Атом энергиясы бойынша халқаралық агенттіктің қауіпсіздік бойынша барлық талаптарына жауап береді.
Өзбекстанда мұндай АЭС іске түссе, мемлекет жыл сайын 3,57 млрд кубометр газды үнемдейді. Станция өз жұмысын бастаған кезде 2,5 мыңға жуық жұмыс орны пайда болады.
Ең әуелі біздің жобаға сәйкес АЭС, Нововоронеж АЭС-2 іс-тәжірибесін үйрену керек. «Ўзатом» агенттігі мамандары басқада елдердегі АЭСтерге барып көрді. Қазіргі күнде «Ўзатом» агенттігі Халқаралық АЭС агенттігімен келіссөздер жүргізуде. Бұл жағдай Өзбекстан және МАГАТЭ серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашты.
Елімізде БАҚ өкілдерін оларды АЭС саласы және ядролық технологиялар бойынша оқытылады.
-2019/2020 оқу жылынан бастап «Мәскеу инженерлік-физика институты» Ташкентте ашылатын филиалында АЭС мамандарын оқыту басталады.

Мамандардың айтуынша 2 энергоболкты АЭСтің іске түсуі жылына 14 миллион тонна иіс газы мен 36 тоннаға дейін азот окситін шығаруының алдын алады.
Эксперттердің болжамына сенсек 2030 жылға келіп Өзбекстанда электр энергияға деген талап 117 млрд кВт жетеді.

Өзбекстандағы құрылып жатқан АЭС жобасы 9 баллды жер сілкінісі кезінде де жоспардағыдай жұмыс атқара алады. Еліміз өзінің сйсмик және климат жағдайына байланысты Бангладеш, Туркия секілді елдерге жақын. Ол елдерде де, біздің елдегі сияқты АЭС құрылып жатыр.
Бұл мәселені халқаралық тәжірибе жүзінде айтар болсам, еліміз делегаттары 2018 жыл 29 қазан – 1 қараша күндері Токио қаласындағы АЭСте болды. «Токай 2» АЭС 1978 жыл пайдалануға берілген болып, 2014 жыл жаңа талаптар орындау мақсатында тоқтатылған. Қазіргі күнде «Токай 2» АЭС қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойнша барлық талаптар орындалған және 2018 жыл қыркүйектен іске түсіруге. 2018 жыл қазан айынан келесі 20 жыл АЭСті эксплуатация етуге рұқсат алған. Демек бұл АЭСке тиісті барлық алдынғы және заманауй технологиялар сейсмик талаптарға толық жауап беретінін білдіреді», -деп жауап берген «Ўзатом» агенттігі бас директоры Жўрабек МИРЗАМАҲМУДОВ.

ӨзА
27 698