ӨзА Қазақ

10.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президентінің жаңа кітабы жарық көрді

Өзбекстан Президентінің жаңа кітабы жарық көрді

«Өзбекстан» баспа үйінде басылған, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің «Нияти улуғ халқнинг иши хам улуғ, хаёти ёруғ ва келажаги фаровон булади»(Ниеті ұлы халықтың жұмысыда ұлық, өмірі жарық, болашағы жарқын болады) атты жаңа еңбегі жарық көрді.

Атаулы кітап, Президент еңбектерінің 3-томдығы болып үш тараудан тұрады. Онда, Өзбекстан Президентінің түрлі кездесулерде, мерекелер мен халықаралық конференцияларда сөйлеген сөздері орын алған.

Кітаптың алғашқы тарауында Өзбекстанның саяси және әлеуметтік өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндамалар топтастырылған. Екінші бөлімінен, шет мемлекеттердің және беделді халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер кезіндегі сөйлеген сөздері мен баяндамалары енгізілген болса үшінші тараудан Өзбекстанда кең көлемде аталып өтілетін жалпыхалықтық мерекелер, тарихи даталар, түрлі халықаралық конференциялар және іс-шаралар мен салтанатты мерей тойларға жолданған құттықтаулар орын алған.

15 712
ӨзА