ӨзА Қазақ

04.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Қытай білім саласында меморандумға қол қойды

Өзбекстан мен Қытай білім саласында меморандумға қол қойды

Өзбекстан Республикасының Білім министрлігі елдегі барлық мектеп оқушыларының сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында электронды білім беру жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сол мақсатта Білім министрлігі, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянның Өзбекстанға сапары аясында Білім министрлігі қытайдың ZTE және Huawei компанияларымен «Мемлекеттік білімге заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу» жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.

Осы келісімдер аясында қытайлық компаниялар өзбекстандағы бірнеше мектептерде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобаларды өз қаражаттары есебінен жүзеге асыратын болады. Бұл жоба енгізілген технологиялардың көмегімен білім беру сапасын жоғарылату мен мектепті басқару жүйесіндегі тиімділігін зерттейді.

Егер жобалар сәтті болса, тараптар Қытайдың қаржы институттарын тарта отырып, ақпараттық технологияларды кезең-кезеңімен енгізуді жолға қоятын болады.

Пилоттық жобалар аясында қытайлық компаниялар Өзбекстан мектептеріндегі компьютерлік бөлмелерді жабдықтау, бейнебақылау жүйелері және ақпарат алмасу желілері үшін инфрақұрылым сияқты басқа салаларда ынтымақтасатын болады. Сыныптық бақылау жүйесін құру жобаның басым бағыттарының бірі болып, осы жүйе мектептегі қауіпсіздікпен қатар оқушылардың сабаққа қатысуы мен мұғалімдердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. 


7 480
ӨзА