ӨзА Қазақ

10.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Ұлттық университеті 2030 жылға қарай әлемнің үздік 500 ЖОО-ның қатарына енеді

Өзбекстан Ұлттық университеті 2030 жылға қарай әлемнің үздік 500 ЖОО-ның қатарына енеді

Өзбекстан Республикасындағы жоғары білім жүйесінің басым бағыттарын айқындау, заманауи білім мен жоғары моральдық-этикалық қасиеттері бар жоғары білікті кадрларды даярлау және жоғары білімді модернизациялау турасында президент жарлығы қабылданды.

Онда, жоғары білім беруде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, өңірлерде мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарын ашу негізінде жоғары білімді қамтуды 50 пайыздан астамға ұлғайту және салада салауатты бәсекелестік орта қалыптастыру қарастырылған.

Республика аймағындағы ЖОО-ның кемінде 10-ы халықаралық деңгейде танылған (Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education ёки Academic Ranking of World Universities) рейтингінің 1000 орындағы ЖОО қатарына ену мен Өзбекстан Ұлттық университеті және Самарқант мемлекеттік университеті әлемнің үздік 500 білім ордаларының қатарына енуі көрсетілген.

Сондай-ақ, ЖОО оқыту процесін біртіндеп кредиттік-модуль жүйесіне ауысуыда белгіленген.

13 627
ӨзА