ӨзА Қазақ

28.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Шетелдік ЖОО тарапынан берілген, қашықтықтан немесе 3 жылдық сыртқы бөлім дипломы Өзбекстанда жарамсыз

Шетелдік ЖОО тарапынан берілген, қашықтықтан немесе 3 жылдық сыртқы бөлім дипломы  Өзбекстанда жарамсыз

Қазіргі кезде Өзбекстан аумағында көрші Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей т.б ТМД елдерінің бірқатар ЖОО сыртқы бөліміне немесе қашықтықтан оқытудың ақылы негізде емтихансыз оқуға шақыру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған осы оқу орындарында оқуға ниет білдірген талапкерлер мен олардың ата-аналары сол елдегі ЖОО-ның дипломы Өзбекстанға өтеме деген сұрақтарды көптеп айтып жатады. 

Осындай жағдайларды ескеріп, Өзбекстан Республикасы Министрлек Мекемесі жанындағы Білім сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция хабарлайды:

Қазіргі уақытта Өзбекстандағы жоғары білім беру жүйесі күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрінде жүргізіледі. Қолданыстағы заңнамада жоғары білім алу үшін қашықтықтан оқу түрі қарастырылмаған. Сондықтан Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2019-жылы 24-ші шілдедегі № 620 қаулысымен мақұлданған «Шет мемлекеттерде білім алғандығы жайлы құжаттарды қабылдау тәртiбi туралы» ережеге сай 5-тараудың 36-тармағында шетел бiлiмi турасындағы құжаттарды танудан бас тартуы баяндалған. Атап айтқанда, осы тармақта айтылған мәлімет Өзбекстан Республикасының заңнамасында көзделмеген оқу түрінде алынған болса, оның қабылданбауы мүмкін екендігі көрсетілген.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, шетелдік университеттерде қашықтықтан оқыту үлгісіндегі берілген дипломдар Өзбекстанда жарамсыз деп есептеледі.

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2017 жылдың 21 қарашасындағы № 930 санды қаулысына байланысты сыртқы бөлімде оқу мерзімі 5 жыл және Үкіметтің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 620 қаулысымен бекітілген Шет мемлекеттерде білім алғандығы жайлы құжаттарды қабылдау тәртiбi туралы ережеге байланысты 5-тараудың 36-тармағында жалпы нормативті кезең (толық жалпы орта немесе орта білімнен кейін) Өзбекстан Республикасы білім стандарттарында көрсетілген кезеңнен екі жылдан аз болса құжжаттарды жарамсыз деп тану көрсетілген.

Осылайша, сырттай оқу түріндегі 3 жыл немесе одан аз уақыт ішінде алынған бакалавр дәрежесі бар шетелдік жоғары оқу орындарының дипломдары Өзбекстанда жарамсыз.

Шетелде білім алғандығы туралы құжаттар келесі жағдайларда арнайы сынақтарсыз жарамды деп табылады:

1. Өзбекстан аумағында филиалдары бар ЖОО бітіргендер;
2. Әлемдік университеттер рейтингінде ТОП-1000 университеттің қатарында болған ЖОО түлектері;
3. Мамандарды мақсатты даярлау үшін шетел тарапынан бөлетін квоталар есебінен шетелдік жоғары оқу орындарын бітіргендер;
4. 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін шетелдік жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
5. Еуропалық сапа кепілдігі қауымдастығымен (ENQA) аккредиттелген жоғары оқу орындарын бітіргендер;
6. АҚШ, Австралия, Израиль, Канада, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония елдерінің құзыретті органдарында аккредиттелген жоғары оқу орындарының түлектері;
7. Өзбекстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары мамандарды мақсатты даярлау үшін бөлген қаражат есебінен шетел университеттерін бітіргендер;
8. Өзбекстан Республикасы Президентінің және Министрлер Мекемесінің шешімдері бойынша шетелдегі университеттерге мақсатты түрде жіберілгендер;

21 345
ӨзА