ӨзА Қазақ

14.05.2019 20:41 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Республикасы Президенті АҚШ делегаттарын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті АҚШ делегаттарын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 мамыр күні Миссисипи штаты губернаторы Филипп Брайант басшылығындағы делегат мүшелерін қабылдады.

Өзбекстанға келген АҚШ делегациясы Миссисипи штаты әкімшілігінің өкілдері болып, олар елдегі ірі ұйымдар мен сауда, инновация, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және білім беру саласындағы жетекші компания мүшелерінен құралған.

Мемлекет басшысы қонақтарды жылы қабылдап, бұл сапар Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуіріндегі белсенді байланыс жасап жатқаны және көпжақты қарым-қатынастардың дәйекті дамуының дәлелі екенін атап өтті.

atirgullar_ochganda_chiroy.jpg

Губернатор Ф.Брайантта жылы қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, АҚШ Президенті Дональд Трамптың сәлемі мен құттықтауларын жеткізді.

Өзбекстан мен Миссисипи штаты арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, биотехнология және агрохимия, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы, тоқыма және логистика саласында, ең алдымен, АҚШ-тың алдыңғы қатарлы технологиялары мен білімдері негізінде заманауи кластерлер мен өндірістік қуаттарды құру арқылы перспективті жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. 

67b6393b_6c4d_9a96_bbea_6e630d6ecf6d.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 


ӨзА
5 444