ӨзА Қазақ

22.05.2019 16:16 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Жапония елшілігінде болды

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Жапония елшілігінде болды

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Абдулла Арипов 22 мамыр күні Ташкент қаласындағы Жапония елшілігіне барды. Жапония елшілігінде Император Нарухитоның таққа келуіне байланысты құттықтау кітапшасы ашылды.

Өзбекстан үкімет басшысы жапон халқын маңызды оқиға және «Рэйва» жаңа дәуірі кезеңінің бастау алуымен құттықтады. Император Нарухитоға денсаулық, жанұялық бақыт және билік дәуірі ұзақ жылдар жалғасуына тілектес екенін айтты.

Жапонияның Өзбекстандағы елшісі Нобуаки Ито өз кезегінде Өзбекстан Президенті және үкіметіне Жапонияның өміріндегі тарихи оқиғаға байланысты жапон халқына жолдаған құттықтауы мен жылы тілектері үшін алғысын білдірді.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабары.

ӨзА
4 898