ӨзА Қазақ

07.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті ТМД елдерінің арнайы қызмет басшыларын қабылдады

Өзбекстан Президенті ТМД елдерінің арнайы қызмет басшыларын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте 7 қараша күні, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшылары Кеңесінің отырысына қатысатын делегация басшыларын қабылдады.

4cb4539d-31ad-152f-e119-7e327c92d29f.jpg

Мемлекет басшысы келген қонақтарды құттықтай отырып, Өзбекстанда ТМД шеңберіндегі көпжақты қатынастарды дамытуға, оның ішінде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастыққа үлкен мән беретіндігін атап өтті.

Кездесуде қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет арасындағы тығыз ынтымақтастықты, оның ішінде жедел ақпарат алмасуды және терроризм, экстремизм, есірткі бизнесіне сонымен қатар, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шараларды жалғастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылып, киберқылмыспен күресу үшін интернет және басқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан зорлық-зомбылық пен радикалды көзқарастарды насихаттау үшін пайдалануды тоқтатуда күш біріктіру қажет. 

c094a8c3-44c0-ee73-9a81-5bbfcc5f9ff2.jpg

ТМД-ның арнайы қызмет басшылары Өзбекстан Президентіне жылы қабылы үшін алғыс білдірді және өз елдері басшыларының сәлемдерін жеткізді.

2abf3880-3513-495a-f301-0d442b6a4459.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

3 413
ӨзА