ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Беларусь Премьер-министрін қабылдады

Өзбекстан Президенті Беларусь Премьер-министрін қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 1-ші қараша күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкентке келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румасты қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, соңғы жылдары жоғары деңгейдегі өзара сенімге негізделген диалог жолға қойылғандығанан Өзбекстан мен Беларусь арасындағы достық және жан-жақты серіктестік қатынастар жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Сергей Румас Өзбекстан Президентіне жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесуде екі тарап ынтымақтастықты кеңейтуге және экономиканың түрлі салаларындағы перспективалы жобаларды алға жылжытуға, сондай-ақ өңіраралық қатынастар мен мәдени-гуманитарлық алмасуды нығайтуға мүдделі екендігі айтылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Беларуссияға жасаған жоғары деңгейдегі ресми сапардан кейін қол жеткізілген бітімдер мен қол қойылған келісімдерді ауқымды түрде іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 883
ӨзА