ӨзА Қазақ

23.05.2019 19:19 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және көп жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ оларды дамыту мен нығайтуға, жан-жақты қолдаудағы қосқан үлесі үшін шынайы алғыс айтты.

Бірлесе жасаған оңтайлы жұмыстар арқасында соңғы кезде екі ел арасында дәстүрлі тығыз байланыстар сапалы жаңа деңгейге көтерілгені, нақтылы тәжірибе мазмұнмен нығайғаны ерекше екені айтылды.

Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапары табысты болды және бұл Елбасының сыртқы саясатта да үздіксіздікті тағыда бір дәлелдей түскенін үлкен ықыласпен атап өтті.

Сұхбат шағында Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелерді талқылады.

Негізгі мән беретін тұсы сауда-экономика саласында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, өнеркәсіп, энергетика, көлік және басқа да салаларда жетекші кәсіпорындар мен кәсіпкерлер деңгейінде ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды.

Арадағы сауда көлемі дәйекті түрде өсуі және оның құрылымын әртараптандыруы оң бағаланды. 2018 жылы тауар айналымының көлемі 3 миллиард доллардан асып, соңғы кезде осы көрсеткішті кемінде 5 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылған.

Маңызды экономикалық әлеуетті пайдалану және мәдени-гуманитарлық салаларда үлкен әлеуеттен тиімді пайдалану мақсатында, Өзбекстанда Қазақстан жылы іс-шаралары аясында өңірлераралық байланыстарды жалғастыру маңызды екені айтылды.

Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда екі елдің Премьер-министрлері басшылық ететін екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сұхбат соңында Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мен Қазақстанның бауырлас халықтарының тыныштығы, Орта Азияның тұрақтылығы мен дәйекті дамуы үшін стратегиялық серіктестікті және өзара тиімді ынтымақтастықты әртараптама нығайтуға мүдделі екенін тағыда атап өтті. 


ӨзА
4 742