ӨзА Қазақ

27.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік шекарасы демаркациясы бойынша келіссөздер өтті

Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік шекарасы демаркациясы бойынша келіссөздер өтті
22-26 сәуір күндері аралығында Гүлістан қаласында Өзбекстан – Қазақстан бірлескен демаркация комиссиясында екі елдің үкімет делегаттарының кезекті жиыны өтті.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекара сызығын анықтау туралы жобаның қорытынды құжаттарын дайындау мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегация өкілдерінің елімізге сапары аясында мемлекетаралық шекараның кейбір учаскелерінде бірлескен далалық тексерулер жүргізілді.

Тараптар сондай-ақ, екі елдің Ташкент және Жыззақ облыстары мен Қазақстанның Түркістан облысының арасындағы шекараның кейбір аймақтарында демаркация сызығын өткізу бойынша ұсыныстар туралы пікір алмасты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің өкілдері хаттамаға қол қойып, келесі келіссөздердің жалғасы Қазақстан Республикасында өткізуге уағдаласты.

10 580
ӨзА