ӨзА Қазақ

08.11.2019 Басып шығару нұсқасы

ТМД қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының кеңесі

ТМД қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының кеңесі

7 қараша күні Ташкентте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің басшылары мен ТМД Атқару комитетінің және Антитерроризм орталығының басшылары қатысқан кезектегі кеңесте, халықаралық терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту шаралары талқыланды.

Өткен уақыт ішінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет ынтымақтастығында халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 13 орын анықталып, 130 содырды ұстады және есірткінің ірі мөлшері табылған.

Алдағы уақытта бұл ынтымақтастықтың көлемін жәнеде кеңейту, ТМД кеңістігінде ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардың алдын-алу, көлік коммуникациялары мен экономикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен шаралар белгіленді. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік тұрғысындағы Ауғанстан жағдайын бейбіт жолмен шешу жайлы нақты шаралар алға тартылып, 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары ұсынылды және тараптар Кеңес шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың жаңа тиімді бағыттарын айқындады.

2 984
ӨзА