ӨзА Қазақ

08.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев ТМД-ның кезектегі саммитіне қатысады

Шавкат Мирзияев ТМД-ның кезектегі саммитіне қатысады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2019 жылдың 10-11 қазан күндері аралығында Ашхабадта өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

ТМД елдері басшыларының кезектегі жиынында Достастық шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланып,тараптарды қызықтырған халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар, соның ішінде ТМД-ға төрағалықтың Өзбекстан Республикасына ауысуы турасындағы шешім, Стратегиялық экономикалық ынтымақтастық туралы декларация, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына ТМД мемлекет басшылары Достастық елдердің халқы мен халықаралық қоғамдастыққа үндеуі мен терроризмге және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылық түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша 2022 жылға арналған бағдарламалар орын алған.

Өзбекстан Президенті сонымен қатар ТМД саммитіне қатысу аясында Ашхабадта бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетін болады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.

3 145
ӨзА