ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Тәжікстан Премьер-министрін қабылдады

Шавкат Мирзияев Тәжікстан Премьер-министрін қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 1-ші қараша күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкентке келген Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзоданы қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық және тату көршілік қарым-қатынастар тұрақты дамып келе жатқанын және екі ел басшыларының бірлескен күш-жігері стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін атап өтті.

Кохир Расулзода Өзбекстан Республикасының Президентіне жылы қабылдағаны үшін терең ризашылығын білдіріп, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық және басқа да басым бағыттар бойынша қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдердің уақтылы және толық орындалуының маңыздылығы атап өтіліп, шекаралас облыстар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды және өңірлік байланыстардың маңызды мәселелері қаралды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 735
ӨзА