ӨзА Қазақ

31.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Николай Патрушевті қабылдады

Шавкат Мирзияев Николай Патрушевті қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанда жұмыс сапарымен жүрген Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевті қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты жылы қарсы алып, Ресей басшысымен арадағы тұрақты және тиімді сұхбатының арқасында Өзбекстан мен Ресей ортасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

Өз кезегінде Николай Патрушев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевке жылы қабылы үшін алғысын білдіріп, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.


Кездесуде екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық және аймақтық саясаттың маңызды аспектілері, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу перспективалары талқыланып, қауіпсіздікке және қазіргі қауіп-қатерлермен күресудегі ынтымақтастыққа, әскери және әскери-техникалық саладағы практикалық серіктестікті кеңейтуге ерекше назар аударылды.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

4 290
ӨзА