ӨзА Қазақ

13.05.2019 22:18 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев негізгі орындалуы тиіс жобалар бойынша жиын өткізді

Шавкат Мирзияев негізгі орындалуы тиіс жобалар бойынша жиын өткізді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 13 мамырда шетелдік инвестициялармен бірге негізгі жобаларды іске асыруды жеделдету мәселелері бойынша жиын өткізді.

Өзбекстанда белсенді инвестициялық саясат жүзеге асырылуда. Инвестициялық орта жақсарып келеді және іскер топтар еліміздегі жобаларға қызығушылықпен танытып отыр. Халқаралық қаржы институттары, дамыған елдер мен ірі команиялар экономикалық-әлеуметтік салаларға қаржы салуда.

Биылғы жылдың өзінде Германия Федеративтік Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы және басқа да елдердің басшыларымен жоғары деңгейдегі диалогтар жүргізілді. Сол байланыстар аясында өнеркәсіп, энергетика, инфраструктура, құрылыс, транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру сынды негізгі салаларда маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Әрбір мемлекетпен серіктестік жобаларды іске асыру бойынша Президент жарлығымен «жол картасы» дайындалды.

-Инвестиция экономиканың дамуы, халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының негізгі көздерінің бірі. Дамыған елдермен ынтымақтастығымызды жаң деңгейге көтере алғанымыздан да біздер жылдам әрі жүйелі әрекет етуіміз керек,- деді мемлекет басшысы.

Жиында, шетелдік инветициялар қатысуындағы негізгі басым жобалар бойынша жүзеге асырырылып жатқан жұмыстар бойынша лауазымды тұлғалардың баяндамалары тыңдалды.

Тікелей шетелдік инвестицияларды орынды пайдалану жағдайы тым әлсіз және үлкен қаржылық мүмкіндіктер тиімді пайдаланылмағаны сынға ілікті. Келісімдер мен бірлескен жобаларды уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін қосымша тапсырмалар берілді.

ustuvor_loyi_alar_izhrosining_borishi_k_rib_chi_ildi.jpg

Кездесуде Ташкент қаласындағы қазіргі заманғы өнеркәсіптік кәсіпорындар құру бойынша тікелей жұмыс істейтін шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар талқыланды. Бұл жобалар, әсіресе, халықты жұмыспен қамту тұрғысынан, қаланың қолданыстағы инфрақұрылымын тиімді пайдалану арқылы нарықтық тауарларды өндіруде тиімді болу үшін оларды жылдам пайдалануға тапсыру міндеті жүктелді.

Инвестициялық жобаларды іске асыру жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы инвестициялық заңнаманы халықаралық деңгейде жетілдіру қажеттігіне тоқталып, олар әрбір инвесторға сенім мен кепіл болуы керек екенін атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.

ӨзА
5 498