ӨзА Қазақ

15.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

Бакуде өткен Түркі Кеңесінің саммиті аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Түркі Кеңесінің құрметті төрағасы болып сайлануымен және түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталғанын ерекше құрметпен құттықтады.

Сұхбат кезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті атаулы Кеңестің құрылуына оның дамуына, ұйым ішіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге айтарлықтай үлес қосқаны айтыды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруі халықаралық бедел мен осы құрылымның тиімділігін арттырады деп мәлімдеп, екіжақтық қатынастардың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылап, пікіралмасты.

935862f0-bad7-0709-0516-57b6a712183e.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

6 004
ӨзА