ӨзА Қазақ

07.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Нұрлан Нығматулин бастаған Қазақстан делегаттары Төле би кесенесіне барды

Нұрлан Нығматулин бастаған Қазақстан делегаттары Төле би кесенесіне барды

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған Қазақ елінің делегаттары Өзбекстандағы ресми сапары аясында екі ел арасыда Парламентралық кездесулер мен шектеліп қалмай Өзбекстандағы бірнеше қасиетті мекендеге барды.

photo_2019-06-06_13-35-51.jpg

6 маусым күні Нұрлан Нығматулин бастаған Қазақ елінің делегаттары, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжліс Заң палатасы Спикері Нурдинжан Исмоилов жолбасшылығында Самарқанда болып онда «Қазірет Қызыр» кесенесі мен Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұлы мемлекет және саясат қайраткері Ислам Каримов қабірін зират етіп, Самарқанның символы саналатын Регистан алаңын аралады.

photo_2019-06-06_13-35-41.jpg

photo_2019-06-06_19-34-08.jpg

Самарқандтағы сапар кезінде қонақтар белгілі ғұлама хадис ілімінің сұлтаны Имам әл-Бухарий атындағы зерттеу орталығында болды және білім мен ғылымға үлкен үлес қосқан ұлы ғалым Мырза Ұлықбек абсерваториясынада барды. Сондай-ақ, Орта Азияның арыстаны Әмір Темір кесенесін де барып көрді. 

photo_2019-06-06_13-35-11.jpg

7 маусым күні Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжліс Заң палатасында парламенттің төменгі палатасы Спикері Нурдинжан Исмоилов, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған Қазақ елінің делегаттарымен кездесу өткізді. 

9H1A6562.jpg

Сындарлы және өзара сенім рухында өткен кездесу кезінде тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту, оны жаңа мазмұнмен байыту және нормативтік-құқықтық салада тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, көлік және коммуникация, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жайында көтеген мәселелерге айқындық енгізілді. 

9H1A6533.jpg

Парламентаралық кездесуден соң қос ел делегаттары Ташкенттегі Тәуелсіздік алаңына барды. Мұнда Тәуелсіздік және ізгілік монументіне Нұрлан Нығматулин гүл шоқтарын қойды.

Тәуелсіздік алаңынан кейін қонақтар Қазақтың бас биі Ташкенттегі Төле Би кесенесіне барып құран оқыды.

9H1A6810.jpg

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжіліс Заң палатасы баспасөз қызметі хабары.


32 086
ӨзА