ӨзА Қазақ

18.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы цемент зауытының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы цемент зауытының жұмысымен танысты

Президент Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысына жасаған сапары аясында, Шерабат аданында орналасқан «Сурхонцементинвест» жаңадан салынған шетел зауытының жұмысымен танысты.

Германия, Австрия, Ресей мен Қытайдан әкелінген заманауи технологиялармен жабдықталған бұл зауыттың жалпы құны 144 миллион долларды құрайды. Қазірде жобаның алғашқы кезеңі аяқталған. Зауыт толықтай іске түскен кезде 1 125 кісі жұмыспен қамтылып, жылына 1,1 млн тонна цемент өндіріліп, оның 750 мың тоннасы экспортқа шығатын болады.

Зауыт басшылары бұл жобамен шектеліп қалмай, тағыда 12 миллион доллар көлемінде инвестиция тартып, құрғақ құрылыс қоспаларынан жасалған өнімдер де шығаруды жоспарлаған.

Мемлекет басшысы осы аймаққа 9-12 қабатты үйлер салып, облыстың экономикалық әлеуетін көтеру жайында тапсырмалар беріп, зауыттың толық жобасымен танысты. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

5 856
ӨзА