ӨзА Қазақ

24.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Ташкент метросының құрылысымен танысты

Мемлекет басшысы Ташкент метросының құрылысымен танысты

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 24-ші қазанда Ташкенттегі метро құрылысының жұмысымен танысты.

Ташкент метрополитені ауқымын кеңейту жайында 2016 жыл 7-ші қазанда берілген Президент тапсырмасымен «Юнусабат» бағытының қазірде екінші кезең жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 103,8 млн доллар болып, құрылыс жұмыстары басталғаннан бері 67,5 млн долларлық жұмыстар орындалған. «Шахристан» станциясынан шамамен 3 км жерге екі жаңа станция салынды.

Мемлекет басшысы осы екі станцияның құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл құрылыс жұмыстарына Германиядан мамандар шақыртылып, неміс технологиясы тартылған.

Аталған метро бекеттері іске түскеннен кейін осы бағытта қатнаушы автобустар саны мен қашықтығы қысқарып, күніне 5,5 танна жанармай үнемделетін болады. Ал жолаушылардың өз мекеніне жету жылдамдығы 20 минутқа ілгерілейді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

9f8e3f9d-4b18-1ca7-c3e1-6a4094ea4a7d.jpg

c75c90a4-f334-becc-cc1d-6d384d9536cf.jpg

6589a7f2-81b1-6a37-3c34-a131a700f7ac.jpg

9383857c-72e0-7220-16d3-7b53451cbdde.jpg

f24efb71-23b5-3586-f5fc-5285752ad8fe.jpg

c755d398-002b-ef3a-1bf4-04c0b0397616.jpg


7 413
ӨзА