ӨзА Қазақ

16.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы мал шаруашылығы мен бау-бақша саласын дамыту бойынша кеңес өткізді

Мемлекет басшысы мал шаруашылығы мен бау-бақша саласын дамыту бойынша кеңес өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 қазанда мал шаруашылығы мен бау-бақша салаларын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Өзбекстанның географиялық орналасуымен климаттық аймағы ауыл шаруашылығы саласына өте қолайлы орта есептеледі. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында елде бау-бақша өсіру мен жылыжайлар және жүзім шаруашылығын дамыту жөніндегі агенттіктер құрылды.

Жиында көтерілген негізгі мәселе, 2019 жылыдағы «Әрбір отбасы - кәсіпкер» жоба жайында болып, бұл бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға 1 трлн 603 млрд сум, құс өсіруге 332 млрд сумдық жеңілдетілген кредиттер берілді. Нәтижесінде ұсақ малдың саны 550 мың басқа, ал құс саны 6 миллион 130 мыңға көбейді.

Елдегі ауы шаруашылығына жауапты басшыларға 2019-2021 жылдар аралығында 300 ден 500 асыл тұқымды мал басына арналған 270 бордақы кешені мен 260 сүт фермасын құруды тездету тапсырылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

5 851
ӨзА