ӨзА Қазақ

01.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Қазақстан Премьер-Министрін қабылдады

Шавкат Мирзияев Қазақстан Премьер-Министрін қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 1-ші қараша күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкентке келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады.

Президент Шавкат Мирзияев қонақты жылы қарсы алып Қазақ елінің басшысымен арадағы жүйелі және сенімді кездесулері мен солардың нәтижесінде қол жеткізілген келісімдерді, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік байланыстарының жәнеде нығайы келе жатқанына ризашылық білдірді.

Өз кезегінде Асқар Мамин Өзбекстан Республикасы Президентіне жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында сындарлы саяси үнқатысу орныққаны, сауда көлемі артып, инвестициялар, банк және қаржы, көлік және коммуникация және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқаны мен Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында аймақаралық қатынастар мен мәдени-гуманитарлық алмасулар күшейе түскені айтылды.

075ad659-9382-6a0a-3027-ac349ecd62e9.jpg

Сонымен қатар тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және халықаралық, аймақтық маңызды мәселелер жөнін талқылады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.


4 371
ӨзА