ӨзА Қазақ

14.05.2019 15:17 Басып шығару нұсқасы

Корея Республикасының Өзбекстандағы елшісі дипломатиялық өкілеттілігін аяқтады

Корея Республикасының Өзбекстандағы елшісі дипломатиялық өкілеттілігін аяқтады

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 14 мамырда Корея Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Квон Ен У мен еліміздегі дипломатиялық өкілеттілігін аяқтап жатқандығы алдынан кездесу өткізді.

Кездесуде Өзбекстан мен Корея Республикасы арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

2017 жыл қараша айында Сеулде және биыл сәуірде Ташкент пен Самарқандтағы өткен жоғары деңгейдегі Өзбекстан – Оңтүстік Корея кездесулерінің сәтті қорытындылары, тараптар өздеріне қызықты барлық бағыттарда серіктестікті жандандыруға мүмкіндік бергені жайында айтылды. 2018 жыл екі ел арасындағы сауда айналымы 50 пайызға артып 2 миллиард АҚШ долларына жеткен.

Елшіде өз кезегінде Өзбекстандағы өзінің дипломатиялық өкілеттілігін атқару кезінде үкімет тарапынан жасалған қолайлықтарға алғысын жеткізді.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабары.  

ӨзА
5 431