ӨзА Қазақ

09.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Ел басшысы Шавкат Мирзияев Tashkent City-дегі құрылысы аяқталған ғимараттарды аралады

Ел басшысы Шавкат Мирзияев Tashkent City-дегі құрылысы аяқталған ғимараттарды аралады

Ташкент қаласындағы халықаралық бизнес орталығының алғашқы нысандары – «Конгресс Холл» мен «Hilton» қонақ үйі құрылыстарының аяқталғанына байланысты Президент Шавкат Мирзияев 9-шы қазанда осы ғимараттарда болды.

Конгресс Холлдың жалпы ауданы 43000 шаршы метрді құрайды. Онда ірі халықаралық конференциялар мен жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізуге арналған барлық мүмкіндіктер бар. Бірінші қабатта 3500 адамға арналған конференция залы бар болып, қажет болса, оны екі немесе төртке бөлуге де болады.

Халықаралық саммиттер кезінде екіжақты кездесулер өткізуге арналған бөлмелер мен арнайы залдар, мейрамханалар, кішігірім концерт залы және демалыс аймақтары бар.

Tashkent City аймағындағы екінші ғимарат 21 қабатан тұратын «Hilton» қонақ үйі. Мұнда жалпы 258 нөмір бар болып, оның 8-і мемлекет басшыларына арналған. Осындағы барлық жағдай әлемдік стандарттарға толықтай жауап беретін заманауи отельдер сияқты, қонақ үйде бірнеше мейрамханалар, бассейн, спортзал, сән салондары орын алған.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. 

3 010
ӨзА